30.04.2021
«Fincraft Group» ЖШС облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«Fincraft Group» ЖШС (БИН 140540017565, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 53 пәтер) облигацияларды (ISIN KZ2P00006190, NCOMb2 сауда коды) ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын мәселені қарастыру жоспарланған облигациялық шығарылым иелерінің Жалпы жиналысын шақыру (бұдан әрі - «Жиналыс») туралы хабарлайды.
Жиналыс 2021 ж. 01 маусым күні алматы бойынша сағат 11:00-де мына мекен жайы бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 53 пәтер).
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыты: 2021 ж. 01 маусым 10 сағат 30 минут.
Аяқталатын уақыты: 2021 ж. 01 маусым 11 сағат 00 минут.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі жасалған куні – 2021 ж. 27 мамыр 00 сағат 00 минут.
Күн тәртібі: 1. «Fincraft Group» ЖШС облигацияларының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу (ISIN KZ2P00006190, NCOMb2 сауда коды).
Жиналыс өткізу тәртібі: - Жиналыста дауыс беруге қатысу үшін жиналысқа қатысуға құқығы бар адам осы хабарламада көрсетілген күндер мен сағаттарда ресми түрде тіркелуге тиіс; - Жиналысқа қатысуға құқығы бар келген тұлғаларды тіркеу (олардың өкілдері) Жиналыстың ашылуына дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқығы бар жеке тұлғалардың (олардың өкілдерінің) жеке куәлігі болуы тиіс. Жиналысқа қатысуға құқылы тұлғаның өкілі жиналысқа қатысуға және дауыс беруге қатысуға өкілеттігін растайтын сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе келісімшартқа сәйкес Жиналысқа қатысуға құқығы бар адамның атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғаға Жиналысқа қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат қажет емес; - тіркелмеген жиналысқа қатысуға құқығы бар тұлға (оның өкілі), Жиналыс кворумын анықтау кезінде ескерілмейді және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ; - Жиналысқа шақырылған тұлғалар қатыса алады және мұндай тұлғалар Жиналыс Төрағасының рұқсатымен Жиналыста сөйлей алады; - Жиналыс кворум болған жағдайда жарияланған уақытында ашылады; - Жиналыста дауыс беру бір облигация бойынша - бір дауыс негізінде өткізіледі; - Жиналыс отырыстың төрағасы мен хатшысын сайлайды және дауыс беру нысанын ашық немесе құпия түрде белгілейді (бюллетень бойынша); - Жиналыс күн тəртібінің мəселесін қарағаннан кейін жəне ол туралы шешім қабылдағаннан кейін ғана жабық деп жариялануы мүмкін. Жиналыс «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес жүргізіледі. Жиналысты өткізуге қатысты сұрақтарға жауаптар мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 355-01-51 Тимур Сеилов, Қазынашы, e-mail: t.seilov@fgroup.kz.